Денсаулық
Түркия билігі бүлікшілердің екінші тікұшағын атып түсірді
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2016
- 302
Түркия билігі бүлікшілердің екінші тікұшағын атып түсірді
Түркия билігі Turksat спутник желісі операторы ғимаратына оқ атқан бүлікшілердің тікұшағын құлатып түсірді. F-16 жойғышы президент сарайы маңындағы бүлікшілердің танкілеріне бірнеше соққы жасады, қаза тапқандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр, - деп хабарлайды"Россия 24" телеарнасы.
Ертеректе әлеуметтік желіде әуесқой түсірілім пайда болған, онда көтерілісшілер тікұшағы бірнеше сағат бойы әуеде қалықтап жүріп, Түркия парламентіне шабуыл жасаған. 12 адам мәжіліске тасталған бомбадан зардап шегіп, ауыр халде жатыр.
NTV арнасының тілшілері осы шабуылдардың соңын түсіріп алған. Кадрларда - көптеген қирандыларды, барлық жерде сынған шишаларды және шатырдың бұзылғанын көруге болады. Ал парламент ғимаратындағы депутаттар бомбадан қорғанатын панада болған және зардап шекпеді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Инфекцияның таралуы ер адамдарда жиірек байқалады
- 22 мамыр, 2025
Антына адал «Алтын дәрігер»
- 22 мамыр, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді