Денсаулық
Қазіргі уақытта Түркияда 2500 қазақстандық елге рейс күтіп тұр - ҚР ИДМ.
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2016
- 519
Қазіргі уақытта Түркияда 2500 қазақстандық елге рейс күтіп тұр - ҚР ИДМ.
Қазіргі уақытта Түркияда 2500 қазақстандық елге рейс күтіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ИДМ вице-министрі Берік Қамалиевке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстаннан Түркияға ұшатын рейстер кешкі сағат 19.00-ге дейін тоқтады. Қазіргі уақытта тоғыз әуе компаниясының 13 рейсі тоқтады. Қазақстаннан ұшып кеткелі тұрғандардың саны - 2300 адам.
"Біз Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды және Орал әуежайларында 13 рейсті тоқтату туралы шешім жасадық. Жолаушылардың саны шамамен 2300 адам. 9 әуе компаниясы - "Эйр Астана" мен "Скат" және 4 түрік әуе компаниясы. СІМ-мен кеңесіп жатырмыз, әзірше 19.00-ге дейін кешіктірдік. 16.00-де қосымша мәлімет береміз", - деді Қамалиев.
Оның айтуынша, Түркияда қазіргі уақытта 2500-ге жуық қазақстандық бар. Олар бүгін-ертең елге оралуы тиіс. "Егер әуежайлар қалыпты жұмыс істесе, жолаушылар өз рейстерімен елімізге оралады", - деді вице-министр.
Еске салайық, 15 шілдеде Түркияда әскерилер мемлекеттік төңкеріліс жасауға әрекеттенді. Атыстар туралы бірінші хабар Астана уақыты бойынша 01.00-де жеткен. Халықаралық агенттіктердің мәліметінше, Анкарада атыстар естілген, қала үстінде жойғыш ұшақтар мен тікұшақтар ұшып жүр, ал Ыстамбұлдағы әуежайға танктер жеткізілген. Елде мемлекеттік телеарнарал хабар таратуын тоқтатты. Анкарада Facebook және Twitter әлеуметтік желілері құлыпталды.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




