Олимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеру Астанаға келіп жетті
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2016
- 616
Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Бүгін елордада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және олимпиадашылар мен паралимпиадашылардың құрметіне арналған мотошеруге қатысушылар туды астаналық байкерлерге табыстады. Марафон 6 шілде – Елорда күнінде Алматыдан басталып, еліміздің батысына жол тартты. Эстафета Қазақстанның барлық қалаларын қамтиды және Риодағы Олимпиада ойындары басталатын күні – 5 тамызда Алматыда аяқталады. Мотошерудің ұзындығы – 7 мың км жуық. «Мотошеру еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу, сондай-ақ, келесі айда Бразилияға баратын олимпиадашыларды қолдау мақсатында өтіп жатыр. Меніңше, шара спортшыларымызға рух беріп, олар дүбірлі додада лайықты өнер көрсетеді», - дейді Қазақстан географиялық қоғамының және Қазақстан Байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин. Мотошерудің туына еліміздің спортшылары өз қолдарын қоятын болады.
Ақпарат көзі: www.24.kzҰқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




