Денсаулық
Ақтөбеде лаңкестіктен жарақат алғандарға 9 млн теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2016
- 675
Ақтөбеде лаңкестіктен жарақат алғандарға 9 млн теңге бөлінді
Ақтөбеде лаңскеттік оқиға кезінде жарақат алған азаматтарға ақшалай көмек берілді. Ол үшін жергілікті қазынадан 9 миллион теңгедей қаржы бөлінген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Қазірде қаржылай көмек 18 адамға үлестірген. 11 адам 400 мың теңгеден алса, бес адамға 500 мың теңге табыстаған. Тағы екі азаматтың отбасына 1 миллион 700 мың теңге беріліпті.
«Лаңкестік оқиға кезінде зардап шеккен азаматтардың ешбірін назардан тыс қалдырмадық. Ең бірінші ретте қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасыларына қолдан көлген көмегімізді аяған жоқпыз. Жерлеу рәсімдерін өз мойнымызға алдық. Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен, қаза тапқан жергілікті тұрғындардың отбасының әрбіріне бес миллион теңгеден бөлдік», - дейді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл.Айта кетелік, осыдан бір жарым ай бұрын Ақтөбеде содырлар әкімдік пен түрмені басып алуды ойластырған. Ол үшін ең алдымен қару сататын дүкен мен әскери бөлімге шабуыл жасады. Ондағы ойлары қарумен сайланып алу екен. Сол лаңскеттік оқиға кезінде 18 содырдың көзі жойылып, тоғызы ұсталды. Сондай-ақ, шабуыл жайлы хабардар болған өзге сыбайластары да қазір тергеліп жатыр.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




