«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елбасы Бурабай демалыс аймағында сұхбат берді

Елбасы Бурабай демалыс аймағында сұхбат берді
ашық дереккөз
Елбасы Бурабай демалыс аймағында сұхбат берді
Елімізде табиғи демалыс орындары жетерлік. Олардың әрқайсысы әлемдік деңгейдегі курорттық аймаққа айналып отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Көкше төріндегі Бурабай демалыс орнында берген сұхбатында айтты. Елбасы көрікті мекеннің көз тартар сұлулығын тамашалап, көпшілік үшін жасалған жайлы жағдаймен танысты. Сондай-ақ, талай ақын-жазушының жырына арқау болған Бурабай аймағы жер шарындағы теңдессіз демалыс орны екенін тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Бурабай деген жерді халқымыз әнге қосып айтып кетті. «Жер шоқтығы – Көкшетау, бауыры толған көкше бау. Төңірегің сексен көл, исің жұпар аңқиды-ау», - деп Біржан сал айтып кетті емес пе? Сондықтан бұл тамаша жердің төңірегінде адам өлең айтпай, адамның творчествосы жоғарыламай болмайды. Бұл Қазақстанның ең бір әдемі, ең бір сағынышпен айтатын жердің біреуі сияқты. Мен үшін Алатау, Көкшетау екеуінің де орны бөлек. Бұл еліміздің өте әдемі жері. Бұны көркейту, өсіру, әрі қарай белгілі ету біз үшін үлкен мақсат болып саналады. Көкше төрінде Мемлекет басшысы берген сұхбаттың толық нұсқасын бүгін кешкі сағат 21:30-да  24.kz арнасынан көре аласыздар.                                                                                                                                                          Ақпарат көзі: www.24.kz 

Ұқсас жаңалықтар