ЕХРО-2017 қонақтары үшін Қазақстан бойынша 73 туристік маршрут жасалды
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2016
- 725
ЕХРО-2017 ұлттық компаниясы отандық туроператорлармен бірлесе отырып, мазмұны жағынан маңызды әрі мейлінше қызықты түрлі экскурсия маршрутын әзірледі. Демек, көрмеге келген әрбір турист астанамыздың көрікті жерлерімен танысып қана қоймай, Қазақстанның тарихи және мәдени нысандарын көру мүмкіндігіне ие болады. Бүгінгі таңда туристік тізімге еліміздің ұлттық парктері (Шыран шатқалы, Бурабай және т.б.) бойынша экологиялық турлар, БҰҰБҒМҰ (ЮНЕСКО-ның) бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіретін тарихи-мәдени нысандарды (Қожа Ахмет Яссауи, Тамғалы және т.б.) аралау маршруттары, сондай-ақ, «Байқоңыр» ғарыш айлағында ракетаның аспанға ұшырылуын бақылау және т.б. арнайы турлар ұйымдастырылды. Өңірлердегі туристік қызмет көрсету спекторын кеңейту Астана қаласында өткізілетін Халықаралық мамандандырылған ЕХРО-2017 көрмесінің аясында жүргізіліп жатыр. Бұл қазақстандық трэвел-индустрияның дамуына ықпал етері анық. Айта кету керек, 2016 жылдың 10 маусымынан бастап «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатыла бастады. Қазіргі таңда туроператорларға арнайы тиімді баға қойылып отыр. Яғни 2016 жылдың 10 шілдесі мен 10 тамызы аралығындағы промо кезеңде туроператорлар көрмеге билетті арнайы бағамен сатып ала алады.
Ақпарат көзі: www.24.kzҰқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




