Денсаулық
Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды.
- author «Ақ жол»
- 15 шілде, 2016
- 845
Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды.
Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейі ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2016 жылғы 16 шілдеден еліміздің барлық аумағында бірқалыпты ("сары") террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 30 тәулікке созылатыны жөнінде хабардар етеді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдағаны айтылады.
Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген еді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




