Моңғолияда сел жүзден астам үйді ағызып әкетті
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында соңғы күндері толассыз жауған нөсер соңы селге ұласты.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Жауын-шашыннан жергілікті Қобда өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, 100-ден астам үйді қора-қопсымен қоса ағызып әкеткен. Куәгерлер табиғи апаттан төрт жасар бүлдіршін мен ересек адамның көз жұмғанын айтуда. Тағы 700-ден аса адам баспанасыз қалған. Олар әзірше киіз үйлерді паналап отыр. Ал қираған үйлер қайта жөндеуге келмейді. Сел салдарынан үй жануарлары да қырылып қалған. Алайда одан келген шығын көлемі әлі анықталған жоқ. Айта кету керек, Баян-Өлгей аймағындағы тұрғындардың дені этникалық қазақтар. Сондықтан еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Twitter-дегі жеке парақшасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Баян-Өлгейдегі селден зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек көрсетілетіні туралы жариялады.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді