Денсаулық
Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2016
- 490
Атышулы Тоқтар Төлешевтің қараусыз қалған аюы ауыр дерттен өліп қалды
Атышулы шымкенттік кәсіпкер, бүгінде уақытша қамауға алынған Тоқтар Төлешевтің аюы Шымкенттегі зоологиялық баққа өткізілген болатын. Алайда жыртқыш жануар жаңа мекенінде көпке шыдай алмады.
Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Шымкент зообағының директоры Нұрғазы Бұхарбаев аюдың өте ауыр халде жеткізілгенін айтты.
"Біз аюды сыра зауыты ауласынан алып келдік. Аюдың бауыр церрозы, жеңіл түрдегі қатерлі ісік ауруы бар екені анықталды. Аю әбден әбіржіп кеткен, жүндері де түсіп қалған болатын. Біз қанша тамақтандыруға талпынсақ та жеген жоқ. Бір айдай солай өтті. Емдеуге де тырыстық. Бірақ, болмады. Ақыры өліп қалды. Иелері қарамаған ғой...", - деді зообақ директоры.
Сыра зауыты қызметкерлерінің айтуынша, шамамен он жастан асқан жыртқыш аңды кәсіпкерге достарының бірі сыйға тартыпты. Қадірлі досының сыйынан қол үзгісі келмеген болу керек, кәсіпкер аюды Шымкенттегі сыра зауыты аумағында ұстаған.
Төлешев уақытша қамауға алынған соң оның зауытындағы аң мемлекеттік зообаққа өткізілді. Алайда оның ешбір құжаты болмаған. Тек оған "Маша" есімі беріліпті.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында кәсіпкер Төлешов арнайы операция барысында қолға түсіп, тінту кезінде оның жұмыс орны мен үйінен бірталай қару-жарақ, есірткі мен тыйым салынған діни кітаптар табылған болатын.
Бүгінде кәсіпкерге қатысты тергеу ісі аяқталды. Күні кеше ҰҚК өкілдері Төлешев билікті басып алмақ болған деп мәлімдеме жасады.

Ақпарат көзі: Nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




