Якутияда шіліңгір шілдеде қар жауды
Якутияның Себян-Кюель елді мекенінде қар жауды, сәрсенбі күні де жауған қар тоқтар емес, деп хабарлайды Ykt.ru.
«Онсыз да біздің жазымыз қып-қысқа, қоңыр салқын. Әдетте бұл уақытта 15-20 градус жылы боп тұратын. Әркез шомылатын мүмкіндік болмайтын. Ал биыл табиғат тіпті таң қалдырды», - деген участкелік аурухана пациенттері.
Тында қаласында да сол жағдай. Сәрсенбі күні таңғы уақытта Амур облысының солтүстік астанасы 4 градус жылуды көрсеткен. Кейбір тұрғындардың автокөліктеріне мұз қатқан.
«Таң. Сағат алты. Жаздың күні қармен ойнауға болады! Не деген суық еді! Менің құлпынайым мұз құрсанып тұр», - деп жазды әлеуметтік желіге Тында қаласының тұрғыны.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




