Денсаулық
Кэмеронның резиденциядағы дүниесін жинауға 330 қорап қажет болды
- author «Ақ жол»
- 13 шілде, 2016
- 726
Кэмеронның резиденциядағы дүниесін жинауға 330 қорап қажет болды
Бүгін қызметінен кететін Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон Лондондағы Даунинг-стритте орналасқан резиденциядан көшіп жатыр. Ол дүниесін буып-тиюге түрлі көлемдегі 330 қорап, үш рулон полиэтилен қап, 30 скотч және заттарды орайтын екі бума қағаз алдырды.
Кэмерон отбасына жүктерін жинастыруға бір күн уақыт берілген. Үкімет басшысының қайда көшіп қонатыны белгісіз. Өйткені Лондондағы Ноттинг-Хилл ауданындағы өз үйлерін жалға беріп қойған. Жалдаушыларға баспананы босату жөнінде хабарлама жіберілген.
Дереккөздер Кэмерон Даунинг-стриттегі №10 үйдің кілтін Ұлыбританияның келесі премьер-министрі Тереза Мэйге сәрсенбі, 13 шілде күні күндіз табыс етеді деп отыр. Ол оған дейін Букингем сарайына бас сұғып, отставкаға кету жөнінде өтініш жасайды. Кэмерон қызметінен кететінін 24 маусым күні, елдің Еуропа одағындағы мүшелігі туралы өткізілген референдумның нәтижесі белгілі болған соң мәлім етті.
Ал Британ консерваторларының жаңа басшысы болса, елдің ЕО-дан шығуын жақтап дауыс берген британдықтардың қалауын орындауға уәде беріп те қойды.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




