Дайындық жұмыстарын талқылады
Бүгін Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚКП ОК Саяси бюро тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаолимен кездесу өткізді.
Қос тарап қыркүйек айында G20 саммитіне қатысу үшін Н. Назарбаевтың ҚХР сапарына дайындық барысын және екіжақты ынтымақтастық мәселелерін кең ауқымда, «Нұрлы жол» және «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бағдарламаларының ортақ тұстарын, сауда-экономикалық, индустриялық, инновациялық және басқа салалардағы өзара қарым-қатынас жайын талқылады.
Қытайға жұмыс сапары барысында Б.Сағынтаев Шэньси провинциясына, Сиань қаласына барып, аймақ басшылығымен және Қытай бизнес өкілдерімен келіссөздер жүргізеді.
Ақпарат көзі: "Айқын" газеті
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




