Денсаулық
Қарағанды облысында төрт жасар бала жол апатынан соң тұл жетім қалды
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2016
- 706
Қарағанды облысында төрт жасар бала жол апатынан соң тұл жетім қалды
Қарағанды облысында төрт жасар баланың отбасындағы бес адам мен көлік жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан қаза болды. Көлік апатына ұшыраған балақай есін жиды, алайда ол ата-анасынан айырылғанынан бейхабар. Бұл туралы NUR.KZ Балқаш емханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ер бала есін жиды. Жарақаттары өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Ол палатаға ауыстырылды», – дейді орталық емхананың дәрігерлері.
Балақай жол апаты салдарынан бір жасар інісін және бес адамнан құралған бүтін отбасын жоғалтты. Қаза болған тағы бір ер адам олардың отбасынан емес. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шыққан.
«Бала психологиялық көмекке зәру. Қазір оған туысқандары бас-көз болуда», – дейді дәрігерлер.
Астанадан бет алған бес адамнан құралған отбасы тоғызыншы шілде күні сағат 11:30-да «Лексус» көлігінің дөңгелегі бұзылған соң жол апатына ұшыраған болатын. Балқаш маңындағы Гүлшат ауылына жақын тас жолында болған жол апаты алты адамның өмірін жалмаған. Қаза болғандардың ең жасы – бір жаста.
«Адам өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпарат көзі: Гу-гу ақпараттық портал
Дереккөз: Nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




