Денсаулық
Алматы-1-Шу темір жол телімінің екінші желісінің құрылысы кесте бойынша жүргізіліп жатыр
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2016
- 481
Алматы-1-Шу темір жол телімінің екінші желісінің құрылысы кесте бойынша жүргізіліп жатыр
Алматы-1-Шу темір жол телімінің екінші желісінің құрылысы кесте бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы құрылыс барысымен танысты. Алматы-1 - Шу екінші темір жол желісі Қазақстанның қозғалысы ең көп тұсында пойыздарды өткізу мүмкіндігін еселеп арттыру үшін қажет. Алматы-1 - Шу екінші темір жол желісі Парсы шығанағы, Еуропа, Түркия, Азия елдеріне бағытталған транзиттік пойыз ағынын өсіру үшін маңызды рөл атқарады. Компания жетекшісі жоба жөнінде кеңес өткізді. Мамин жобаның маңызы зор екендігін атап өтті. Бұл желі арқылы контейнерлік жылжымалы құрамдар мен жолаушылар пойыздары көптеп жүретін болады. Сондықтан да оның стратегиялық маңызы орасан зор.
Компания басшысына қазіргі таңдағы атқарылып жатқан жұмыстар барысы баяндалды. Оның ішінде бүгінгі күні 210 мың текше метр топырақ қабаты төселді. 7 көпір, 38 су өткізу құбыры, 12 шақырымға рельс торкөзі төселді. Белгі беру және байланыс құрылғылары құрастырылды. 300-ден астам техника, 500 еңбеккер тартылған.
"Бiрлiк" өндірістік кәсіпорнына Ақтөбе рельс арқауы зауытының отандық өнімдері жеткізілу үстінде. Жүз шақырымдық екінші темір жол желісінің басты бөлігіндегі жолдың жоғарғы қабаты төселді. Желіде 90 жасанды имарат тұрғызылады. Оның ішінде 10 көпір, 80 су өткізу құбыры жасалады. 35 бағыттауыш бұрма салынады. Биылғы қарашада бірінші өткізу кешенінің 58,2 шақырымын іске қосу жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




