Денсаулық
Қазақстанда кімдердің 5 млн теңге жалақы алатыны белгілі болды
- author «Ақ жол»
- 12 шілде, 2016
- 264
Қазақстанда кімдердің 5 млн теңге жалақы алатыны белгілі болды
Еліміздегі жалақы көлемі 45 мың теңгеден басталып, 5 млн теңгеге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды. Миллион теңгелік еңбекақы агрокешеннің бас директорлары алса, бұдан сәл төмендеу жалақыны кредит консультанттары алады.
Бұл туралы HeadHunter сараптамалық қызметі 2016 жылдың 2 тоқсанында жасаған есебінде жазды.
«Жалпы бос орындар тізіміндегі аграрлық сектор мамандарының үлесі аз екендігіне және ауыл шаруашылығы мамандарының тапшылығына қарамастан агрохолдингтер жоғары білікті мамандарға жоғары жалақы төлеуге дайын. Мұндай ұсыныстар алдағы уақытта кеңінен таралып, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың сұранысқа ие болуына себепкер болуы мүмкін», - деді «HeadHunter Қазақстан» бас директоры Нина Быченко.
HeadHunter тізімдегі ең жоғары жалақы алатындар — брокеридж директоры, ұсынылған жалақы көлемі 4000-5000 доллар, 1,5 млн теңге жалақысы бар атқарушы директор және 3500 долларға дейін еңбекақы берілетін сату менеджері.
Ең көп сұраныстағы мамандық — сауда өкілдері (21% барлық сұраныстағы мамандықтар). Сондай-ақ, ТОП 5 сұраныстағы мамандыққа әкімшілік қызметкерлері (8,4%), бухгалтерлер (8,3%), маркетологтар (7,3%) және ІТ, байланыс сферасындағы қызметкерлер (6,1%) кіреді.
Қазіргі уақытта 2016 жыл нарығында едәуір сұранысқа ие мамандықтар: шикізат өндіру және карера басы (бір вакансияда шамамен 42 кандидатқа дейін), мемлекеттік қызметтер мен топ-менеджмент (бір вакансияда шамамен 20 іздеуші), құқықтану (бір жұмыс орын сұранысына 11 іздеуші).
Жалпы 2016 жылдың екінші тоқсанында 43 000 бос орындар мен 200 000 астам түйіндеме болған. Бір бос орынға орта есеппен 5,2 кандидаттан келеді. Егер 2016 жылдың І мен ІІ тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырсақ, онда бос орындарға жұмысқа орналастыру +26% өсті. Ал бәсекелестік көрсеткіші бойынша бір бос орынға 3,8 үміткерден құрайды.
Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді