«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тараздағы әуежайда жаңа халықаралық рейстер ашылуда

Тараздағы әуежайда жаңа халықаралық рейстер ашылуда
ашық дереккөз
Тараздағы әуежайда жаңа халықаралық рейстер ашылуда
Тараз қаласындағы «Әулие-Ата халықаралық әуежай» акционерлік қоғамында Тәжікстан және Ресейдің кейбір қалаларына тұрақты түрде ұшатын мүмкіндік пайда болды.
 src=«Худжанд-Тараз-Худжанд», «Сургут-Тараз-Сургут» бағыты бойынша жолаушылар кездесуі өтіп те үлгерді. Ұшақтың тұрақты ұшуы «SCAT» әуекомпаниясы арқылы жүргізілетін болады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, 10-шы шілдеден бастап «Нижневартовск–Тараз-Нижневартовск» және «Түмен-Тараз-Түмен» бағыттары бойынша ұшақтар тұрақты түрде ұшатын болады. Рейстер Boeng 737-300 және Boeng 737-200 әуе ұшақтары бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда «Әулие-Ата» әуежайы  «SCAT» және «Эйр Астана» әуекомпаниясынан «Тараз-Астана-Тараз» хабарламасымен аптасына 6 сапарды қабылдайды, сондай-ақ, аптасына бір рет «Мәскеу-Тараз-Мәскеу» хабарламасымен «Сібір» S7 Airlines»  әуекомпаниясынан сапар қабылдайды.
 src=Айта кетейік, 2013 жылдан бастап мемлекеттік және жеке серіктестік негізінде «Әулие-Ата» әуежайының инвестициялық бағдарламасының модернизациялануы жүзеге асырылған болатын. Инвестициялық бағдарламаның бюджеті 7,4 млрд.теңгені құраған, оның 2,8 млрд.теңгесі - жеке инвестиция. Қазіргі таңда жаңа ұшып-қону жолақтары терминалдар қабылдаудың және әуе ұшақтарының заманауи қызмет көрсетуінің талаптарына  толықтай сәйкес келеді. Мұнымен қоса, жергілікті атқарушы органдар бағыттардың дамуына толықтай көмек көрсетуде. Әуежай басшылығы бірқатар халықаралық жолаушы және жүк әуекомпанияларымен келісімшарттарға қол қойған. Болашақта Стамбұл, Анталия, Үрімші, Дубай, Ақтау, Атырау, Қарағандыға жаңа бағыттар ашу жоспарлануда. Сондай-ақ, Тараз қаласындағы әуежай Алматы, Ташкент, Бішкек және Шымкент қалаларына баламалы қосалқы аэродром ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Ақпарат көзі: Zhambyl.News

Ұқсас жаңалықтар