Денсаулық
Жамбыл облысында бір тәулікте екі автокөлік пен автобус жанып кетті
- author «Ақ жол»
- 11 шілде, 2016
- 541
Жамбыл облысында бір тәулікте екі автокөлік пен автобус жанып кетті
Жамбыл облысында бір тәулікте екі автокөлік пен автобус жанып кетті. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.
10 маусым күні сағат 17:25-те Т. Рысқұлов ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 371-і шақырымында 1987 жылы шығарылған «Mercedes-Benz» автобусының өртенуі орын алды. Өрт сағат 18:00-де оқшауланып, сағат 18:30-да толық сөңдірілді. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нен 4 адам, 1 техника қатысты.
Сол күні сағат 19:30-да Сарысу ауданы, Жайылма ауылының жанында 1993 жылы шығарылған «Audi C4» автокөлігі өртенді. Оқиға салдарынан автокөлік толық жойылды. Өрт сағат 20:10-да оқшауланып, сағат 20:30-да толық сөңдірілді. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нен 2 адам, 1 техника қатысты.
Ал 11 маусымда сағат 01:00-де Т. Рысқұлов ауданы, Алматы-Ташкент тас жолының 435-і шақырымында 1992 жылы шығарылған «OpeI-Astra» жеңіл автокөлігінің өртенуі болды. Өрт сағат 02:10-да, оқшауланып, сағат 02:25-те толық сөңдірілді. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі және шығыны анықталуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ-нен 3 адам, 1 техника қатысты.
Ақпарат көзі: Zhambyl.News
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




