Испанияда бұқа 29 жастағы тореадорды тікелей эфирде сүзіп өлтірді
- author «Ақ жол»
- 10 шілде, 2016
- 667
Испанияның Теруэль қаласында бұқа 29 жастағы кәсіпқой матадор Виктор Баррионы сүзіп өлтірді. Қайғылы оқиға сенбіде, 9 шілдеде жергілікті телеарналар тікелей эфирде көрсетіп отырған коррида кезінде болды, - деп хабарлайды El Mundo.
Бұқа тореадордың кеудесін сүзіп алған. Ер адам ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады.
Виктор Баррио 1987 жылы Сеговияда дүниге келген. Ол тұңғыш рет 2012 жылы Мадридтегі Лас-Вентас аренасында өнер көрсеткен. Баррио корридаға қатысудың алдында гольф-клубта жұмыс істепті.
© EPA
Баррио 30 жылдан бері қаза тапқан тұңғыш тореадор. Испаниядағы корридадан 1985 жылы Хосе Куберо қаза тапқан болатын. Ал өткен ғасырдан бері мұндай ойындардан 134 адам қайтыс болыпты. Оның ішінде 33-і тореадор екен.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




