«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мексикада Головкинге WBC белбеуі ресми түрде табыс етілді

Мексикада Головкинге WBC белбеуі ресми түрде табыс етілді
ашық дереккөз
Мексикада Головкинге WBC белбеуі ресми түрде табыс етілді
Кеше, 9 шілдеде Қазақстанның Мексикадағы Елшілігінде қазақстандық боксшымен жекпе-жектен бас тартқан мексикалық Сауль "Канело" Альвареске тиесілі чемпиондық белбеуді табыс етудің және орта салмақтағы WBC (Дүние жүзілік бокс кеңесі - WorldBoxingCouncil) нұсқасы бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағын ресми түрде тапсыру рәсімі болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл іс-шара WBC ҚР Мексикадағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылыпты. Табыс ету салтанатына халықаралық спорт ұйымдарының басшылары, бокстан әлемнің қазіргі және бұрынғы чемпиондары, мексикалық жетекші және халықаралық спорт шолушылары, сондай-ақ 40-тан аса мексикалық және шетел телеарналары мен басылымдарының өкілдері қатысты.  src= Марапаттау рәсімін кіріспе сөзбен WBC президенті Маурисио Сулайман ашып, аталған іс-шараның маңыздылығы мен символдығын ерекше атап өтті, себебі, ол әлемге нағыз чемпион және көрнекті спортшы - Геннадий Головкин туған елдің елшілігінің ғимаратында өткізіліп отыр.  src=  src= Өз кезегінде, ҚР Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов Геннадий Головкинді марапаттау рәсімінің Елшілікте өткізіліп отырғанын мақтан тұтатынын атап өтті. Өйткені ол барша әлемде Қазақстан туын абыроймен көтеріп келе жатқан көрнекті спортшы ғана болып қоймай, Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" елшісі. Осыған орай, қатысушыларды келесі жылы елімізде өткізілетін Халықаралық мамандандырылған көрмеге белсенді қатысуға шақырды. Баяндамадан кейін іс-шара қонақтарының назарына "ЭКСПО-2017" фильмі көрсетіліп, Қазақстан туралы тиісті ақпараттық материалдар таратылды.  src=  src= Іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгені, шақырылған қонақтардың елімізге белсенді қызығушылық танытқаны айтылады. "А. Елемесов пен Г. Головкин бірқатар мексикалық және шетелдік БАҚ-қа сұхбаттар беріп, қазақстандық спорттағы жағдай туралы ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның ел ішіндегі және сыртқы саяси сахнадағы соңғы жетістіктері туралы баяндап берді", - делінген хабарламада.  src= Айта кетейік, WBC басшылығы келесі конференциясын 2017 жылы Астана қаласында "ЭКСПО-2017" көрмесінің барысында өткізуге ниетті екенін ресми мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар