«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Асыл қазына» – жаңа балабақша

«Асыл қазына» – жаңа балабақша
ашық дереккөз
«Асыл қазына» – жаңа балабақша

IMG_6149Астана күні мерекесі Тараз тұрғындары үшін жағымды жаңалығын ала келді. Өйткені, енді 1 жастан 6 жасқа дейінгі балабақша кезегінде тұрған 150 бала жаңадан ашылған осы балабақшада тәрбиеленетін болады. Облыс орталығындағы мектепке дейінгі мекемелердің қатарын толықтырған «Асыл қазына» балабақшасын ашып берген кәсіпкер Ботагөз Әбдірайымова екенін айта кету керек. Қала әкімінің орынбасары Жақсылық Сапарәлиевтің айтуынша, бұрын бұл нысан талай жыл қала көркіне сын болып тұрған ескі ғимарат болған екен. Іскер кәсіпкер оны сатып алып, жөндеуден өткізіп, балабақшаға айналдырыпты. 

Талапқа сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, екі қабатты ғимарат заманауи жабдықтармен жарақталған. Бүлдіршіндердің үш тілді меңгерулеріне жол ашып, ұлттық құндылықтарды санасына сіңіре отырып тәрбиеленуін көздейтін мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік жекешелік әріптестік негізінде ашылыпты. – Қалада мемлекеттік тапсырыс бойынша ашылған 25 балабақша бар. Мелекеттік жекешелік әріптестік негізінде ашылған балабақшаның талапқа сай жабдықталуы, яғни материалдық базасы, бүлдіршіндерге тәрбие және білім беруді қамтамасыз ету кәсіпкердің міндетіне кіреді. Бұл мемлекеттік шығынды азайтады. Ал білім бөлімі балабақша мамандарын даярлап, ата-ана мен кәсіпкерге қолдау көрсетіп отырады. Қазір мұнда 50 адам жұмысқа орналасқан. Жалпы Тараз қаласындағы бүлдіршіндердің 80 пайызы балабақшамен қамтылып отыр, – дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзия Зәуірбекова. Тараздық Қарлығаш Бекназарова бүлдіршіндер «Асыл қазынадан» саналы тәрбие алып шығады деп сенеді.

Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар