АСТАНА КҮНІНДЕ 940 АҚТӨБЕЛІК БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және Астана күніне орай пәтерлердің кілтін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев табыстады. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.
Бүгін «Нұр-Ақтөбе» тұрғын үй массивінде 940 отбасы баспаналы болды. Олардың қатарында қалалық тұрғын үй қорында кезекте тұрған 192 тұрғын, «Сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 206 (операторы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы») отбасы бар. 540 отбасы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ АФ арқылы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша өз баспаналарына жеке меншік құқықтарына ие болды. Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерге пәтер кілттерін табыстай отыра, атаулы күндермен құттықтады.
—Биыл біздің мемлекетіміздің Тәуелсзідігінің 25 жылдығы атап өтілуде. Бұл күнді жоғары көрсеткіштермен және үлкен жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақта жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалардың арқасында бізде әлеуметтік нысандар салып, жолдарды жөндеуге, тұрғын үй мәселелерін шешуге мүмкіндіктеріміз бар, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.
Айта кету керек, жыл басынан бері 632 отбасы баспана мәселелерін шешті, олардың 206-сы кезекте тұрғандар, 234 жас отбасы, тағы 192 пәтер «ҚИК» бағдарламасы бойынша алынды. Жыл соңына дейін тағы 1215 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Қоныс тойын тойлап жатқандардың арасында тұрмыстық техника ұтыс ойындары ойнатылды.
Сонымен бірге, жеке тұрғын үй құрылысына қажетті жер кезегінде 2003 жылдан бері тұрған 500 ақтөбелікке жер телімдері берілді. Биыл барлығы жеке тұрғын үй құрылысына 4224 жер телімі беріледі. 1250 адам «Ақшат-2», «Красносельское-2», «Шилісай-2», «Шилісай-1», «Қанағат», «Бауырластар» аудандарынан жер алды. Тағы 3000 жер телімі жыл соңына дейін жер алады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге мереке күнінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Бурабайдағы «Тәуелсіздік» санаторийіне жолдамалар берілді, есту қабілеті шектеулі жандарға 10 компьютер тарту етілді.
Ақпарат көзі: «Ұлт ақпарат"
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді