Денсаулық
Қазақстанда пәтерлер жарты жыл ішінде бірнеше миллионға арзандады
- author «Ақ жол»
- 8 шілде, 2016
- 248
Қазақстанда пәтерлер жарты жыл ішінде бірнеше миллионға арзандады
Қазақстанда пәтерлер жарты жыл ішінде бірнеше миллионға арзандады, - деп хабарлайды "Крыша". Мамандардың айтуынша, жарты жылдың ішінде пәтерлердің бағасы 21 пайызға түскен. Сонымен қатар, бірінші жарты жылдықта ең арзан тұрғын үй Орал қаласында тіркелген. Онда пәтерлердің бағасы 30 пайызға дейін төмендеп, шаршы метрі үшін 84 мың теңге болған. Яғни, Оралда маусым айында 40 шаршы метрлі пәтер қаңтар, ақпан айларымен салыстырғанда 3,4 миллион теңгеге арзан болды.
Ал Таразда сатып алушылар 2,5 миллион теңге үнемдей алды. Онда пәтердің шаршы метрі 32 мың теңгені құраған. Ал Ақтөбедегі пәтерлердің бағасы шамамен 25 пайызға немесе шаршы метр үшін 58,5 мың теңге болған. Айта кетейік, елімізде жалпы стандартты 40 шаршы метрлі пәтер 2,3 миллионға арзандаған.
Ақтау, Қарағанды, Өскемен қалаларында жылжымайтын мүлік нарығында пәтердің бағасы қаңтар айынан бастап 23 пайызға түскен (- 100 мың, - 62 мың және -55 мың). Осылайша қазір бұл қалалардың тұрғындары пәтерді басқа қалалармен салыстырғанда шамамен 3 миллионға арзан сатып алады. Ал Петропавлда орташа статистикалық бір бөлмелі пәтердің бағасы 17 миллион теңгеге түскен. Жылдың басынан бері пәтерлердің бағасы 18,6 пайызға төмендеп, шаршы метрі 42 мың теңгені құраған. Шымкентте пәтерлердің бағасы 2 миллион теңгеге түскен. Ал Астана мен Алматыдағы мүлік нарығында бағаның 15 пайызға дейін төмендеуі байқалады. Мұнда шаршы метр 61 бен 64 мың теңгеге дейін арзандаған. Стандартты пәтердің бағасы бұл қалаларда жылдың басымен салыстырғанда 2,5 миллионға түскен.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, 2016 жылдың екінші жартысында нарықта барлық қалаларда бағаның түсуі байқалды.
"Ең арзан пәтер Тараз бен Ақтөбеде (шаршы метр үшін 171 000 - 180 000 теңге). Ал ең қымбат пәтерлер Алматы, Астана және Ақтауда екені анықталды. Алматыда пәтердің бағасы шаршы метр үшін 370 мың теңге", - деді мамандар. Осыған дейін сарапшылар елімізде жыл соңына дейін баспана арзандай түсетінін айтқан еді. Олардың пікірінше, бастапқы алты ай ішінде баспананың бағасы түбегейлі арзандамайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді