Қазақстандағы ең көрікті мешіт — Мақтааралда
Мақтааралдағы «Нұғман» мешіті еліміздің ең көрікті мешіті атанды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі әрбір мешітке, мешіт жұмысына, ондағы қызметкерлерге ерекше көңіл бөліп отырғаны белгілі. Осыған орай ҚМДБ биыл «Көрікті мешіт 2016» тазалық бәйгесін ұйымдастырды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — аудан орталықтары мен ауылдардағы мешіттердің деңгейін көтеріп, сән-салтанатымен қоса ауласының таза, көгалды болуы сынды көрсеткіштері бойынша бағалап, әр облыстағы мешіт имамдарының бір-бірінен үлгі-тәжірибе алмасуына мүмкіндік беру.
Бәйге 2 деңгейде өтті. 1-деңгей қала, аудан мешіттері деңгейінде өтсе, 2-деңгей ауыл мешіттері арасында ұйымдастырылды. Шара аясында еліміздегі әр өңір 2-деңгейдегі мешіттер арасынан, 1, 2, 3-орын алған мешіттерді анықтаған болатын.
ҚМДБ өз кезегінде арнайы құрылған комиссияның шешімімен өңірлерден келген мешіттердің ішінен республикалық 1, 2, 3-орындарды анықтады. Нәтижесінде аудандық, қалалық деңгей бойынша бірінші орынды Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласындағы орталық «Нұғман» мешіті алса, ауылдық деңгей бойынша Қазығұрт ауданындағы Үшбұлақ ауылдық мешіті үшінші орынға лайықты деп табылды.
«Көрікті мешіт 2016» байқауының жеңімпаз имамдарына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан үлкен қажылық тарту етіледі.

Ақпарат көзі: Otyrar.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді