Түркияда тұрғындары түгелдей велосипед мінетін ауыл бар
Түркияда халық арасында “Велосипед республикасы” деп аталып кеткен ауыл бар. Анадолының оңтүстік өңіріне орналасқан бұл елді мекеннің барлық тұрғыны автомобильден бас тартып, велосипедке көшкен. Жасы да, жасамысы да осындай оңтайлы көлікке мініп алып, шаруасын дөңгелетеді.
Бұл туралы “Қазақстан” Ұлттық арнасы хабарлайды. Елді-мекеннің кез-келген көшесіне арнайы велотұрақтар орнатылған. Ауданда 6 мыңға жуық қала тұрса, олардың әрқайсында 5-6 велосипедтен бар екен. Ұла ауданының әкімі де қызыл темір тұлпар мініп жүр. Түркиядағы билік өкілдері де осы бір екі аяқты көлік түріне мінеді екен. Тек бұл аймақта велосипед сән үшін емес, тән саулығы үшін қолданылады. Әрі табиғатты сақтап, экологияны қорғаудың бір амалы. “Әкімшіліктегі барлық қызметкерлеріміз велосипед тебеді. Қасымдағы шаруашылық бөлімінің басшысы да міне менімен бірге велосипед мініп жүр. Біз қарапайым тұрғындарға осылайша үлгі боламыз. 28 жыл бойы осы ауданды басқарып келемін, ресми шаралардан бөлек күнделікті жұмысқа осылай барамын”, – дейді Ұла ауданының әкімі Үміт Қараарслан. Велосипед халық пен билікті байланыстырушы құрал. Көлікпен маңғаздана өткен жұртшылық қарапайым халық өмірінен бейхабар болады дейді аудан әкімі. Ал бұл алда әкім мен тұрғындардың дәрежесі тең. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін велосипед тізгіндеп, аудан ажарын аша түскен. Көше бойы екі дөңгелекті велокөлікке толы. “Велосипедті 12 жасымнан бері теуіп келемін. Қазір 82 жастамын. Менің аталарым да велосипедке мінген. Балаларым да, немерелерім де, шөберелерім де бұл дәстүрді жалғастыратыны сөзсіз. Көп аудандарда велосипед балаға үлкен сый сияқты. Ал бізде бұл қалыпты жағдай”, – дейді Ұла ауданының тұрғыны Осман Юрекчиоғлы. Дәстүрге берік Ұла ауданында велосипед жөндеумен тек бір ұста айналысады. Жарты ғасырын осы кәсіпке арнаған оның атасы да велосипед жөндеген. Ал жергілікті халық болса жүздеген жылдар өтсе де ауданның осы қалпынан таймайтынынна сенімді.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді