Астанаға кіретін барлық көлік түрінен ақы алынады
Ақылы жолдар (ERP) жүйесіне сәйкес қалаға кіретін қоғамдық көліктен, өрт сөндіру және жедел жәрдем қызметінен ақы алынбайды. Ал басқа барлық көлік түрінен қаражат алынады. Қазіргі таңда тарифтің нақты бағасы анықталып жатыр. Бұл туралы BNews.kz тілшісінің арнайы сауалына қалалық Жолаушылар көлігі басқармасы жауап берді.
«Қалаға кіретін жолдарды ақылы ету технологияларын қолдана отырып, талдау жүргізіліп жатыр. Ақы қарбалас сәттерде шаһарға кіретін қоғамдық көліктен, жауап қайтару қызметінен, жедел жәрдемнен, өрт қызметінен басқа барлық көлік түрлерінен алынады. Заңнамаға сәйкес, жеңілдік санатындағы азаматтарды ақы төлеуден босату қарастырылады», - делінген хатта.
Сондай-ақ, Жолаушылар көлігі басқармасының мәліметіне сәйкес, көліктің нақты қалаға кіру құнын нақтылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қазіргі уақытта қалаға көліктің кіру құны мен жобаның жүзеге асырылу мерзімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, көліктің класына байланысты дифференциаланған мөлшерлемелерді қолдану мәселелері пысықталады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін инвестиция тарту қарастырылып жатыр», - дейді мамандар.
Айта кетейік, осыған дейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында елордаға кіретін жолдарды ақылы ету мәселесі қарастырылған болатын. Онда қалаға алты бағыттан тәулігіне 75 мыңға жуық көлік кіретіні айтылған.
Бұл – шаһарда кептеліс тудырып, көліктерді тұраққа қою мәселесін қиындатады. Осыған байланысты қалалық Жолаушылар көлігі басқармасы елордаға кіретін көліктерден ақы алуды ұсынған болатын. Материал авторы: Дәурен Ерболат. Ақпарат көзі: www.nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді