Денсаулық
Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырып, соңғы сәтте жасаудан бас тартқан жігіт қамауға алынды
- author «Ақ жол»
- 7 шілде, 2016
- 437
Ақтөбедегі терактіні ұйымдастырып, соңғы сәтте жасаудан бас тартқан жігіт қамауға алынды
Ақтөбе соты қала тұрғыны Серік Арыстановты ұйымдастырылып жатқан теракт жайлы біліп, оны тиісті органға дер кезінде хабарламағаны үшін екі айға қамауға алды,-деп жазды «Эврика» басылымы.
Басылымның ақпараты бойынша Арыстанов 45 тероршының қатарында болған. Ол қаладағы Есет көшесінің бойындағы жалдамалы пәтерге де барған. Ол жерде 25 адам телефон арқылы жолданған “сәлемдемені” тыңдап, «қарулы джихад» жасауға өз ара мақұлдасқан. «Пәтердегі жиыннан шыққандарға Дмитрий Таңатаров «Паллада» дүкеніне жасалатын шабуылдың жоспарын айтып, кімнің не істейтінін түсіндіріп берген. Әрі қарай Таңатаров қасына бірнеше адамды ертіп дүкен жаққа қарай жүріп кетеді. Арыстанов сол адамдармен бірге дүкеннің қасына дейін барған. Дегенмен тура шабуылдау басталар кезде ол мұндай әрекетке барудан саналы түрде бас тартып, кері бұрылып кетеді. Құзырлы орган қызметкерлері енді Арыстановты тероршылардың жоспарын біле тұра полицияға ақпарат бермеді деген айып тағып жатыр»,-деп жазады басылым. Арыстановқа қатысты ҚР ҚК 434 бабы яғни «Қылмысты біле тұра хабарламады» деген айып тағылды. Бұл бап бойынша күдіктінің қылмысы анықталар болса ең азы, оған 6 АЕК айыппұл салынады. Ал қатаң жаза 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Серік Арыстанов 28 жаста. Ол тепловоздың машинисті болып жұмыс істеген. Сот алды тергеу жұмыстары аяқталғанша жігіт уақыша ұстау абақтысында отырады.Ақпарат көзі: Stan .kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




