Жасай берсін Елбасым!
Астана жайлы білгенбіз, Арнайықшы жыр лебіз. Жеттік нұрлы күндерге, Елбасымен бірге біз!
Астық біраз белдерді, Таниды әлем елді енді. Өзге елдермен терезең, Теңелгенін ел көрді.
Еңсесі биік Елорда, Еркіндігім – кең арна. Осы бақтан халқымды, Айыра көрме, тек Алла!
Түстік даңғыл жолға шын, Арқадан сайлап ордасын. Аман болсын қалың ел, Жасай берсін, Елбасым!
Елімізге бас қала, Ортақ үлкен, жасқа да. Тәуелсіздіктің жемісі, Жарқырай бер, Астана!
Әлимә Жұмабаева, Қаратау технология білім және бизнес колледжінің оқытушысы.
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




