Елбасы CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илиньмен кездесті
- author «Ақ жол»
- 5 шілде, 2016
- 707
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қазіргі қызметінің мәселелері, соның ішінде Қашаған кен орнындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жайы және Қазақстан газын Қытайға экспорттаудың перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы CNPC Қазақстандағы ірі инвесторлардың бірі бола отырып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге септігін тигізіп келе жатқанын атап өтті.
– 1997 жылдан бастап компания біздің экономикамызға 10 миллиард доллар инвестициялап, тағы 20 миллиард долларды мұнай кен орындарын барлау мен игеру, мұнай және газ құбырларын тарту ісіне жұмсады. Бұл – өте үлкен инвестиция. Қазіргі кезде барлық мұнай компаниялары энергия ресурстарының әлемдік бағасының төмендеуіне байланысты туындаған қиындықтарды бастан өткеруде. Сондықтан бұдан әрі жүзеге асыратын әрекеттерімізді талқылайтын кез келді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті CNPC корпорациясының басшысына Астанадағы Ұлттық би мен балет жоғарғы мектебінің құрылысына атсалысқаны үшін алғыс айтты.
Ван Илинь Мемлекет басшысына компания қызметін қолдап отырғаны үшін ризашылық білдіріп, алдағы кезеңдегі жұмыстардың жоспары туралы хабардар етті.
ақпарат көзі akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




