Астана – отанымның жүрегі

Астана – отанымның жүрегі
ашық дереккөз
Астана – отанымның жүрегі

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің мұражайында «Астана – Отанымның жүрегі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Бұл шараны ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеті ұйымдастырды. Аталған факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанна Сәдірмекова басқосуды ашып, оқытушы-профессорларды ашық әңгімеге шақырды. 

«Дөңгелек үстелде» кафедра меңгерушілері Нұрлан Әбиев, Меруерт Киікманова Елорданың ерекшеліктері жөнінде тебірене айтып, Астанаға деген жүрекжарды лебіздерін ақтарды. Олар Астанаға деген айрықша құрметті, патриоттық сезімдерді студенттердің жүрегіне жеткізіп жүргендері турасында да ой бөлісті. * * *

Астана күні аясында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты да белсенділік көрсетті. Олар «Елдіктің жүрегі, теңдіктің тірегі – Астана» атты жастар акциясын ұйымдастырды. Бұл жолы жастар «SmaII» сауда кешеніне жиналды. Жастар ортаға орнатылған үлкен тақтаға Елордаға деген жүрекжарды лебіздерін, құрметтерін жазды. Жиналған студент жастар алдында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ділмұрат Хамрақұлов, облыстық «Жастар орталығы» директорының орынбасары Дәулет Егембердиев сөз сөйлеп, патриоттық сезімдерін білдірді. – Астана күні мерекесі – барлық жастар үшін ерекше қуаныш. Жоспарланған бағдарлар бойынша түрлі іс-шара, жиындар да өткізіледі. Бұл жолы патриот жастар үлкен тақтаға өздерінің жүрегінде жүрген сезімдерін, Елордаға деген ыстық ықыластарын, шынайы лебіздерін жазды. Мұндай акция студент жастардың отаншылдық сезімдерін арттырады. Астанаға деген құрмет әрқашан жалғасын таба береді, – деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уалихан Болатбек.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар