Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп орнатылды
Қытайда әлемдегі ең үлкен радиотелескоп FAST (Five hundred meter Aperture Spherical Telescope) құрылысы аяқталды.
Бұл туралы 24.kz хабарлайды. FAST рефлекторының диаметрі 500 метр, бұдан бұрын ең үлкен телескоп Пуэрто-Риконың Аресибо обсерваториясындағы диаметрі 305 метрлік телескоп болған. Қытайлық радиотелескоп 4450 панельден тұрады. Ол Гуйчжоу провинциясындағы таулар ойпатында орналасқан. FAST өз жұмысын 2016 жылдың қыркүйегінде бастайды деп жоспарланып отыр. Бұл телескоп 2011 жылдан бастап салынған. Оның құны 1,2 млрд юаньға бағаланады. FAST-ті таулы ауданда орналастыру үшін құрылыс аумағындағы 9 мыңға жуық адамды басқа жерге көшіруге тура келді. FAST Жерден 11 млрд жарық жылдарды құрайтын қашықтықтағы нысандарды бақылай алады. ҚХР-дың Ұлттық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, радиотелескоп көмегімен жерден тыс өркениеттерді де анықтауға болады. 2016 жылдың деректері бойынша Жерден ең алыс нысан GN-z11 галактикасы болып табылады. Ол 13,4 млрд жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл галактика «Хаббл» орбитальді телескоп көмегімен анықталған.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді