Денсаулық
"Қазақстан Барысы-2016" жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алады
- author «Ақ жол»
- 4 шілде, 2016
- 757
"Қазақстан Барысы-2016" жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алады
"Қазақстан Барысы-2016" турнирінде Жамбыл облысының намысын қорғаған Бейбіт Ыстыбаев жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Астанада өткен турнирдің ақтық сынында ол Жұманазар Ерсұлтановты жеңді. Ыстыбаев "Қазақстан Барысы" турнирінің финалына осымен төртінші рет шықты, ал оның қарсыласы шешуші жекпе-жекке тұңғыш рет шыққан еді. Ыстыбаев тәжірибелі екенін дәлелдеп, турнирде үшінші мәрте жеңіске жетті.
Ал қола үшін жекпе-жекке Дәулетхан Жақыпов пен Айбол Айтбек шықты. Төртінші минутқа дейін палуандар өте сақ жүрді, ал осыдан кейін Айтбек қарсыласынан айласын асыра біліп, жартылай жеңіске қол жеткізді. Ал бір минут өткеннен кейін ол қарсыласын тағы да жығып, жеңіске жетті.
Айта кетейік, турнир чемпионы Астанадан пәтер мен 25 миллион теңге алады. Күміс жүлдегер белбеу мен бес жарым миллион теңге алады. Қола жүлдеге қол жеткізген палуан бір миллион 800 мың теңгені місе тұтты.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




