телімнің алғашқы кезегі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында ашылады
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин «Алматы-1 – Шу» екінші қатарлы темір жол салу жұмыстары қалай жүріп жатқанымен танысты. Аталған жобаны компания «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. «Алматы-1 – Шу» телімінің екінші қатарын іске қосу Парсы шығанағы елдері, Еуропа және Түркия бағыттарында транзиттік вагон ағынын арттыруда үлкен маңызға ие. «Алматы-1 – Шу» телімінде екінші қатарлы жол құрылысы пойыздар қозғалысын ұйымдастыру, тасымал үдерісінің тиімділігін арттыру жұмыстарында «тар» жерлерді жою үшін аса қажет болып табылады. Өйткені, аталған теліммен жүретін пойыздар қозғалысы жиілігімен ерекшеленеді. Ал бұл нысанның еліміздегі аса маңызды магистральдің өткізу қабілетін арттыруда рөлі аса жоғары. Құрылысты жүргізіп жатқандармен өткізілген кеңес кезінде компания басшысы нысанның стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті. Осы орайда құрылыс жұмыстарының шешуші кезеңге аяқ басқанын айта кеткен жөн. – Бұл желіге жүктеме айтарлықтай артады, яғни жаңа маршруттар қосылады, жолаушылар пойызы қозғалысының жиілігі көбейеді. Әсіресе, жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойыздарының қозғалысы жиілейді, – деді компания басшысы. Ол, сондай-ақ күн сайын осы магистральмен 6-7 контейнерлік құрамалар өтетінін де көлденең тартты. Қазіргі кезде екінші қатарлы жолға қажетті көпірлер, су өткізетін құбырлар, байланыс және энергетика нысандарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сөз орайында екінші қатарлы жол төселіміне Ақтөбедегі зауытта шығарылатын рельстер пайдаланылып жатқанын да айта кеткен абзал. Жобаға сәйкес, 110 шақырымға созылатын екінші қатарлы жол құрылысының алғашқы 58,2 шақырымдық бөлігін үстіміздегі жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы сыйы болмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді