Биыл облыс тұрғындары «77 TV» деп аталатын коммерциялық телеарнаның хабарларын тамашалай бастағаны көпшілік үшін қуанышты жаңалық, әрі тосын сый болды. Бұл жаңа телеарна өмірге қалай келді? Енді соған тоқталық.
Осы жылдың басында «Қазтелерадио» АҚ телерадиоарналар арасында хабар таратудың еркін қолжетімділігіне байқау ұйымдастырып, оған елімізден 70-тен астам электронды бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан еді. Сол байқауда «77 TV» телеарнасы да үздіктер қатарынан көрініп, үш жарым жыл бойы тегін хабар тарату құқығын иеленген. Телеарна құрылтайшысы – облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбекова. Облысымыздағы мәдениет пен өнерді, рухани құнды-лықтарды, тарихи-мәдени мұраны насихаттау, туризм кластерін, кіші және орта кәсіпкерлікті, тілдік ортаны дамыту бағытындағы бағдарламаларын көрермендер назарына ұсынатын телеарнаның тәуліктік көрсетілімі 16 сағатты құрайды. Бүгінде материалдық-техникалық база мен шығармашылық құрам жасақталу үстінде. – Біз Елбасының халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмалар мен Ұлт жоспарының орындалу барысын насихаттаумен қатар, өңіріміздің саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік ахуалынан хабар беруді мақсат тұтамыз. Қазір әртүрлі тақырыптар мен жанрдағы жобаларды әзірлеп, экранға шығарудамыз. Арнаның шығармашылық құрамы 50 адамнан құралған. Олар – режиссерлер, дизайнерлер, бейнеқұрастырушылар, инженерлер және шығармашылық мамандар. Республикалық арналарда шеберлігін шыңдаған білікті мамандармен қатар іріктеуден өткен жергілікті кадрлар да жұмысқа тартылды. Жаңашыл бастамаларымен, тың жобаларымен танылғысы келетін жастар жетерлік. Бүгінгі таңда «Бизнес уақыты», «Дәмді.кз», «Журналист жалғауы», «Жібек жолы жауһарлары», «Құтты болсын!», «Күндерек» сияқты хабарлар түсірілуде. Күнделікті кешкі сағат 19.00-де тікелей эфирде жаңалықтар топтамасы беріледі. Жуырда Синежи жүйесіне көшіп, сандық жүйедегі HD форматында телехабарлар таратуды бастадық, – дейді телеарна директоры Дана Жұматаева.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




