Анкара қаласының бір миллион бір жүз мыңнан астам тұрғыны бар Кешиөрен ауданы – архитектуралық ерекшелігі жағынан болсын, үйлерінің орналасу тәртібі тұрғысынан да тұнып тұрған Еуропа. Осы қалада былтыр дәл осы уақытта Сүйінбай Аронұлының атындағы саябақ ашылса, енді міне жуырда тұғыры биік мүсіні орнатылды. Шара барысында Сүйінбай бабаның шөпшегі, белгілі сәулетші Ғабит Садырбаев осы игі шараға ұйытқы болған азаматтарға және бүкіл түрік жұртшылығына жүрекжарды тілегін білдірді. «Адырна» фольклорлық-саз ансамблі «Сүйінбайдан шашу» атты музыкалық туындыларын тарту етті. Концерттің соңында Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Өнербаев Кешиөрен муниципалитетінің мэрі Мұстафа Актың иығына шапан жауып, Жамбылдың портретін сыйлады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




