«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында алғашқы қымыз мерекесі өтті

Жамбыл облысында алғашқы қымыз мерекесі өтті
ашық дереккөз
Жамбыл облысында алғашқы қымыз мерекесі өтті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Рысқұлов ауданының тау бөктерінде «Шәушен» шаруашылық қожалығы қымыз өндіріп қана қоймай, сауықтыру кешенінде барлық тілек білдірушілерге жаңа сауылған бие сүтімен денсаулықтарын жақсартуды ұсынады.

Шаруашылық 19 жылда көп нәрсеге қол жеткізді. 30 мың гектар жердің 10 мың гектары егістік, 38 мың Еділбай тұқымды қой, 2,2 мыңнан астам жергілікті қазақ тұқымының жылқысын өсіруде. 5000 сауын бие бар. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шаруашылыққа жеті шақырым электр желісі тартылған.

Өз қаражатына салынған бие сүтін өндіру және қайта өңдеу кешені 2015 жылы пайдалануға енгізілген. Зауыт жылына 110 тонна бие сүтін өндіреді. Қарабұлақ шатқалы маңындағы жайлауда қонақүй түрінде тұрғын үйлер салынған. Сауықтыру кешенін EXPO-2017-ге толық қуатта іске қосу жоспарлануда.

Осы жердің тумасы, шаруашылық басшысы Сайрамбай Дөненбаев  күллі Жамбыл облысынан 20 ардагерді алғашқы қымыз мерекесі - қымызмұрындыққа шақырды. Ежелгі қазақ дәстүрі бойынша алғашқы қымыздан қадірлі ақсақалдар дәм татуы тиіс.

Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округінің Жарлысу ауылында «қымызмұрындық» бағдарламасы бойынша мереке алдында жергілікті мешітте намаз оқылды.  Қуғын-сүргін құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. «ҚР ардагерлер ұйымы» орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевтың қатысуымен ардагерлер қозғалысының бастапқы ұйымдарын дамыту бойынша семинар-кеңес өткізді.

Сосын Қарабұлақ жайлауына барып қонақтар қымыз дайындау үдерісімен танысты. Мамандардың айтуынша, халық тәсілімен әзірленген дәстүрлі ұлттық сусын қымыз  механикаландырылған жабдықта дайындалғаннан дәмдірек әрі емдік қасиеті молырақ болады.

Бұдан басқа, қонақтар жайлауға жергілікті мұражайдан әкелінген экспонаттарды тамашалап, ұлттық қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты.

Мерекеде жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісі - мал шаруашылығымен айналысатын озық жұмысшыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. «Шәушен» ШҚ қызметкерлері 120-125 қозымен жүздеген қой алған аға шабан: Жанболат Құрақбаев, Сейітбек Дүйсенов, Марат Расылов, Сайрамбай Дөненбаевқа «Нива» көлігінің кілті табыс етілді. Басқа жұмысшыларға бір миллион теңгеге дейін 20 мың теңгеден ақшалай сыйлық берілді.

 «Шәушен» ШҚ басшысы Сайрамбай Дөненбаевқа өңірді дамытуға үлес қосқаны үшін  облыс әкімі К. Көкірекбаевтің құрмет грамотасы берілді.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар