2017 жылдан «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасы іске қосылмақ
- author «Ақ жол»
- 9 маусым, 2016
- 795
Сандық технологияларды енгізу жолымен экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасын 2017 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Сандық экономика жолында» Астана-2016 SAP Форумында мәлім болды.
«Біз жыл соңына дейін «Сандық Қазақстанды» бекітуді көздеп отырмыз және 2017 жылдан бесжылдық бағдарлама жүзеге асырыла бастайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы барлық мақсаттарды іске асыру мен «Сандық Қазақстан» бағдарламасы мақсаттарына жету жаңа тұғырнаманы құратынына сенімдіміз. Бұл өз кезегінде ел экономикасы салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттырады және халықтың өмір сүру сапасын айтарлықтай көтереді»,-деді «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрайымы Әсел Жиенбаева.
Оның айтуынша, аталған бағдарлама бернеше негізгі бағыттардан құралған. Оның ішінде «Сандық Жібек жолы» бағытының мақсаты ауылдарды интернетпен қамтамасыз етіп, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытуға негізделген. Сонымен қатар бұл сандық түрлену көлік пен логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, электронды коммерция секілді бағыттарды қамтымақ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




