Кеудесіне шаш тігілген киімдер сәнге айналса таң қалмаңыз (фото)
- author «Ақ жол»
- 9 маусым, 2016
- 732
Шаштаразшы Назым Көшімбай жұрт назарына шаштан тігілген киімдер ұсынды. Назымның сәнді киімдерінің жоғарғы жағында арулардың қалауы бойынша түрлі түскегі шаштар қосып тігілген. «шашты» киімдер кез-келген өзіне сенімді арудың гардеробын толықтырары сөзсіз. Себебі бұған дейін елімізде мұндай киім сатылмаған болса керек.Бұл туралы ЭкспрессК басылымы жазды.
Сәнді дизайнерлердің жұмысының өзі әдеттегіден ерекше киімдерді жұрт назарына ұсынып, халықты таң қалдыру сияқты. Сол арқылы атын шығарып, үнемі ерекше тағыншақтар мен адам ойына келмейтін киім үлгілерін ұсынумен әлек. Осы әдісті жақсы түсінген үшінші курс студенті Назым Қойшыбай да фэшн-индустрияға қадам басуды көздеген сыңайлы.
Жұмысы адам шашымен байланысты болғандықтан болар Назым кеудесіне шаш тігілген кеудеше мен пиджактар, жеңсіз сәнді киімдер тіккен. Сәнгерлер жаңа киімді жұртқа таныстыру кезінде арандату мақсатында болар, барлығы бастарына сәлде орап шыққан.
«Керемет киім үлгісі. Мен жаңа үлгідегі ерекше киімдерді таныстыра отырып, өзімді өте жеңіл сезіндім. Өзіме «Шашты» пиджак алғым келеді. Әрине ол қара,сары, ақ шаш араласқан болса тіпті жақсы болар еді.Дизайнер бірнеше сән үлгісін біріктіре отырып, өзінің жеке әрі ерекше туындысын жасай алды»,-деді модель Аружан Муратова.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




