АСТАНА. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Ауыр атлетика бойынша ҚР чемпионаты аяқталды. Жалпы командалық есепте ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші орынды Алматы облысының спортшылары алды. «Күмісті» ШҚО өкілі иеленсе, көшбасшылар үштігін Қарағанды өңірі аяқтады.
Жарыс соңында баспасөз мәслихатында ҚР құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыр атлетикадан Олимпиада құрамасының бастапқы құрамын жариялады:
- Осы жылдың басында Қазақстан чемпионатында іріктеліп, шамамен құрамамыздың саны белгілі болатынын айтқанмын. Содан кейін Олимпиадалық командаға әйелдер санын алтыға, ерлерді сегізге дейін қысқартамыз. Екі қосалқыны спортшыны ескерсек, барлығы 14 адам. Кейіннен осы спортшылар Олимпиадалық ойындарға дайындалатын болады. Олардың қалай таңдалғаны ашық әрі түсінікті. Жарыс басында әлемдік рейтингтегі спортшылар, олардың жеке бапкерлері, басшылық, баспасөзді қарап саралаймыз. Соған сәйкес біз спортшыларды іріктейміз.
Әйелдер:
Елисеева Маргарита (до 48 кг)
Чиншанло Зульфия (до 53 кг)
Горичева Карина (до 63 кг)
Манеза Майя (до 63 кг)
Жаппарқұл Жазира (до 69 кг)
Подобедова Светлана (до 75 кг)
Ерлер:
Чонтей Арли (до 56 кг)
Харки Фархад (до 62 кг)
Рахимов Нижат (до 77 кг)
Павлов Кирилл (до 77 кг)
Уланов Денис (до 85 кг)
Ильин Илья (до 105 кг)
Зайчиков Александр (до 105 кг)
Әбубәкіров Селимхан (105+ кг)
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді