АСТАНА. ҚазАқпарат - Кенияда электр энергиясын өндіруші алпауыт компания бүкіл елді жарықсыз қалдырған оқиғаға маймыл кінәлі болғанын жария етті. Оқиға 7 маусым күні жергілікті уақыт бойынша түн ортасында болған, маймыл су электр стансасындағы трансформатордың үстіне құлап түскен. Бұл туралыnewsru.com хабарлады.
СЭС-ын басқаратын KenGen компаниясының өкілдері ақауды жойып, одан кейін оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, баспасөз парақшасын таратты. Бағанаға өрмелеп қернеу трансформаторының ішіне құлап, электр қуатының тұйықталуына себепші маймыл елді 180 МВт-тан астам электр қуатынсыз қалдырған. KenGen компаниясының хабарлауынша, электр стансасы жабайы жануарлар кіріп кетуінен қорғалған қоршауы бар екендігі айтылып, алайда соңғы оқиға секілді бірлі-жарымды келеңсіздікке қынжылыс білдірген. Оқиғаға кінәлі маймыл тірі қалыпты, оны Кенияның жабайы жануарларды қорғаумен айналысатын KWS ұйымының өкілдері алып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




