Жамбыл облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолында жол көлік оқиғасы 30 %-ға төмендеді
- author «Ақ жол»
- 7 маусым, 2016
- 217
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазавтожол» "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының директоры Кәрібаев Қайрат Кәлелханұлы айтты. «Жамбыл облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1237 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда, құрамына 5 ЖПБ (ДЭУ) және 11 ЖПП (ЖПП) кіретін «Қазақавтожол» РМК ЖОФ-ы тарапынан осы 1237 шақырым автожолда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізілуде»,- деп айтты спикер. Қайрат Кәрібаевтың сөзіне сүйенсек, жалпы құрылыс кезінде 22 көпір, 15 жол өткелдері, 643 су өткізу құбырлары, 11 көліктік жол айрығы салынды. Тараз қаласы, Отар, Қордай, Меркі, Ақыртөбе және Бауыржан Момышұлы ауылдарында 3 «жол пайдалану бөлімшелері» (ДЭУ) мен 3 «жол пайдалану пунктері» (ДЭП) құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарынан өтті. Қисықсызықты брустардың жалпы ұзындығы 263 056 п.м құрайды. «Бүгінгі таңда, осы автожолда жол көлік оқиғасы 2015-2016 жылдың І-ші кварталымен салыстырғанда 30 %-ға төмендеді. Қазіргі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолындағы көлік құралдарының қарқындылығы тәулігіне – 7 500 көлікті құрайды»,-деді Қ.Кәрібаев.
Ұқсас жаңалықтар
Өте сирек кездесетінота жасалды
- 10 қыркүйек, 2024
Жүктіліктің ерекше жағдайы анықталды
- 10 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді