«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Теміртау тұрғыны автокөлік жуатын сусабын ойлап тапты

Теміртау тұрғыны автокөлік жуатын сусабын ойлап тапты
ашық дереккөз
Теміртау тұрғыны автокөлік жуатын сусабын ойлап тапты

 АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында несие алған Дмитрий Телебаев автокөліктерге арналған сусабын, яғни шампунь шығарады. Оның әрі арзан, әрі сапалы дүниесі дүкен сөрелеріндегі шетелдік жуғыш құралдарды едәуір кейінге ығыстырған.

«Сусабынды жасаудың техно­логиялық үдерісі аса қиын емес, - дейді кәсіпкердің өзі. - Арнайы құрамды белгілі бір температурада араластырып, тек соның рет-ретімен қосылуын қадағалап отыру керек».

«ХИМ-ГРУПП Қазақстан» ЖШС-нен ал­ғашқы сусабындар «Бона» сау­да мар­­ка­сымен жақында ғана шы­­ға­рылды, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті.

«Мен автосусабынның 17 түрін және полироль, балауыз, әйнек тазалағыш, мотор тазалау, дискі тазалау құралдары, терек бұтақтарынан, жәндіктерден қорғайтын құралдар сияқты жанама заттар шығарамын», - дейді Дмитрий.

Бар­лық өнімдерді техникалық нұсқау­лық­тар мен тиісті тәртіптеріне сәй­кес өндіреді. Негізінен жергілікті шикі­заттарды пайдаланып, отан­дық химия өндірісінде жоқ кейбір құрам­дар­ға ғана шетелдік компания­ларға тапсырыс беріп алдырады екен.

Цехтың өндіріс қуаты айына 40 тонна өнім шығаруға жетеді. Алғаш­қыда жарты тонна ғана өнім шыға­рылған еді. Қазірдің өзінде сатып алушы ұйымдармен келісімшарт жасалып, бірқатар тұрақты тұтынушылар пайда болды. Автосусабын көлік кірін бар-жоғы екі минутта жоқ қы­лады деседі. Бұдан соң, әрине, теміртаулық көлік жуушылар жаппай жергілікті өнімді пайдалануға көш­кен. «Бізге осы сусабындардың сапасы ұнайды. Бұрын пайдаланып келгендерімізден әлдеқайда жақ­сы. Көлігін жудырғандар да мақтап кетеді. Оның үстіне, отандық өндіру­ші­ні қолдағанымыз дұрыс қой», - дей­ді көлік жуу орнының қызметкері Елена Марьянко.

Теміртаулық кәсіпкер күзге жа­қын жа­ңа­дан бес жұмыс орнын ашуды жос­­пар­лап отыр. Күзде көлік әйне­гін қы­рау­­д­ан қор­ғай­тын құрал шығар­мақшы.

Өндіріс көлемін арттыру үшін Дмитрий тағы да мемлекеттік бағ­дар­­ламаға арқа сүйемек.

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар