12 жыл ең бай спортшы атанған Шарапова Уильямсқа жол берді
- author «Ақ жол»
- 7 маусым, 2016
- 679
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік теннисші Мария Шарапова Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай спортшылар рейтингісінде екінші орынға түсті. Бұл туралы дүйсенбіде, 6 маусымда басылым сайтында хабарланды, деп жазады lenta.ru
12 жыл бірінші орынды бермей келген ресейліктің орнын америкалық теннисші Серена Уильямс басты.
Соңғы жылы Уильямс 28,9 миллион доллар пайда тапқан, ал Шарапованың табысы 21,9 миллионды құрады. Бірінші бестікке америкалық спортшы Ронда Роузи (14 миллион), автошабандоз Даника Патрик (АҚШ) (13,9 миллион) және польшалық теннисші Агнешка Радваньска (10,2 миллион) кірді. 7 наурызда арнайы баспасөз конференциясында Шарапова Australian Open-де жарысқа шығар кезде алынған допинг-сынама оң нәтиже бергені туралы хабарлама алғанын мойындады. Спортшының қанында мельдония белгілері байқалған. Ол 12 наурызда жарысқа қатысудан шеттетілді. Шарапованың ісі бойынша сот тыңдауы 18 мамырда Лондонда өтуі тиіс болатын. Сот үрдісі кейінге қалдырылып, нақты күні әзірге белгіленген жоқ. Серена Уильямс 4 маусымда «Ролан Гаррос» финалында испандық Гарбин Мугурусадан жеңілген.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




