Атақты шахматшы Виктор Корчной дүниеден озды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атақты гроссмейстер және саяси эмигрант Виктор Корчной Швейцарияда 85 жасында қайтыс болды, деп хабарлады ВВС агенттігі.
Виктор Корчной әлемнің ең титулды шахматшыларының бірі болған. Ол 10-ге жуық турнирдің жеңімпазы, 4 дүркін КСРО чемпионы, шахмат Олимпиадасында 6 рет жеңіске жетіп, әлем құрамасының қатарына енген. 1976 жылы Амстердамдағы турнирден кейін, спортшы Кеңес одағына қайтудан бас тартып, Швейцарияға тұрақтайды. Ал, елінде «сатқын» атанып, азаматтық пен спорттық дәрежелерінен айырылады. Тек, 1990 жылы ғана ақталды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




