Шариғат бүлікшілерді қолдамайды

Шариғат бүлікшілерді қолдамайды
ашық дереккөз
Шариғат бүлікшілерді қолдамайды

Ержан Аманбаев, облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб-имамы.

Ақтөбеде орын алған жағдай қоғамды дүр сілкіндірді. Шариғат ешқашан бүлікшілді қолдамайды. Сондықтан, мұндай жайсыз әрекет білімді, ойлы адамдардың ісі емес. Діннің атын жамылған жағымсыз топтардың әрекеті ойсыз, мақсатсыз жасалған өрескел қадам болды. Қасиетті Рамазан айының алдында мұндай жөнсіздіктің көрініс беруі өкінішті. Қаншама отбасы осы жағдайдан қасірет шегіп, ең аяулы адамдарынан айырылды. Мұндай содырлықтың соңы қасіретті екені белгілі. Шынайы дін көркем мінезден, білімділіктен, даналықтан, ізгі қасиеттерден туындайтыны белгілі. Ал бұл жерден біз басқа, жат пиғылды байқап отырмыз. Сондықтан, құптамаймыз. Осындай жат пиғылды топтардың қасиетті діннің атын жамылып жүргенінің өзі өкінішті. Еліміздің әр тұрғынына керегі – бірлік, ынтымақ, береке, амандық. Діни сауаттылық, елін, Отанын құрметтеуге бастайды. Сондықтан, Ақтөбедегі бұл жағдайға жүрегіміз ауырып, қиналдық. Жазықсыз жапа шеккен отбасыларға шынайы жүрегімізбен көңіл айтамыз. Алдағы уақытта ислам дін жолын ұстанғысы келген жасөспірімдерді ата-аналары қадағалап, мешіт имамдарынан бағыт-бағдар алып тұруға шақырамыз. Ақтөбедегі әрекет – білімсіздіктің көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар