Айлардың сұлтаны Рамазанмен жылды артқа тастап, тағы қауыштық. Ақ ниетпен мешіттерге қадам басқан жұрттың қарасы қалың. Жексенбінің кешінде облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітіне де мыңдаған жамағат тарауих намазын оқуға жиналды. Олардың алдында облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев насихат айтып, ораза шарттарын пысықтап өтті. Сондай-ақ, тарауих намазының маңызына, шартына, сауабына тоқталды. Тарауих намазы сүннет амал саналғанымен, оразада әр жасалған жақсы амалға мың есе артық сауап жазылатындықтан, мәні жоғары. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде кім түнгі намазды толық оқыса (тарауих намазы құптаннан кейін оқылғандықтан, түнгі намазға кіреді), түні бойы құлшылық жасағандай сауапқа кенеледі» деген. Бұл күні Тараздағы мешіттерде құран түсіру басталды. Құранның отыз парасын оқуға Египеттен, Арабиядан және еліміздің ірі қалаларынан бірнеше қарылар шақырылған. Олар әр мешітке бөлініп, тарауих намаздарын өткізіп, құран түсірмекші. Алғашқы тарауих намазын толық орындаған жамағат бірін-бірі шын жүректен құттықтап, ниет қабыл болсын десті. Бұл айда ораза ұстағаннан бөлек ауыз аштырудың, өзгеге жақсы сөз айтудың, айналаға мейірімділікпен қараудың сауабы мол. Пайғамбарымыз ауызашар мен сәресіде береке бар екенін айтқан. Биыл облыс аумағындағы көптеген мешіттер күн сайын ауызашар беріп, сауапты іс жасауға ниеттеніп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




