Биыл автожол құрылысы саласында 8 жоба бойынша жұмыстар жалғасады
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2016
- 227
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстанда автожол құрылысы саласында 8 жоба бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
«2015 жылы жұмыс 8 жоба бойынша жүргізілді. Жол-құрылыс жұмыстарымен 2 мың шақырым жол және 72 мың адам жұмыспен қамтылды. Жалпы 2015 жылғы қорытындысы бойынша 456 км жол салынған және жаңартылған»,-деді министр.
Оның сөзіне қарағанда, биыл аталған 8 жоба аясындағы құрылыс жұмыстары жалғасуда.
«Жыл қорытындысы бойынша 900 шақырымға жуық жолдағы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда»,-деді Ә. Исекешев.
Белгілі болғандай, 2015 жылы автожол жобасының іске асыру аясында 292 млрд.теңге игерілді, оның ішінде Ұлтық қордан - 178 млрд.теңге бағытталды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді