Биыл елімізде жол құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады - Ә. Исекешев

Биыл елімізде жол құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады - Ә. Исекешев
ашық дереккөз
Биыл елімізде жол құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады - Ә. Исекешев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол құрылысында 20 отандық компания жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Жалпы жол құрылысында 30 компания жұмыс атқаруда. Олардың ішінде - 10 ғана шетелдік. Биыл еліміздегі барлық жолдардың құрылысына соның ішінде «Нұрлы жол» аясында салынып жатқан жобалардың құрылысына 100 мың адам жұмысқа тартылады, олардың ішінде 3 мыңы ғана - шетел мамандары»,-деді министр.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 11 автожол салынады. Салынған автожолдар облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіне, шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді. Ал, тасымалдардың көлемі 2,5 есе өседі деп жоспарлануда»,-деді Ә. Исекешев.

11 жолдың ішінде Батыс Еуропа-Батыс Қытай (2 452 км), Астана-Алматы (1 282 км),   Астана-Өскемен (1 018 км),Астана-Ақтөбе-Атырау-Ақтау (2 504 км),        Алматы-Өскемен (662 км), Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды (925 км), Астана-Петропавл-Ресей шекарасы - (169 км), Үшарал - Достық (184 км),  Орал-Каменка (100 км),       Жетібай - Жаңаөзен (73 км), Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолы (31 км) жобалары қамтылған.

Белгілі болғандай, салынған жолдардың бойында ұлттық стандартқа сәйкес 200-ден астам қызмет көрсету объектілері салынып, қызмет көрсету саласының дамуына және жол инфрақұрылымын жақсартуға ықпалын тигізеді.

ақпарат көзі kazinform

Ұқсас жаңалықтар