АҚШ-та қазақ тілін үйрететін курстар ашылды

АҚШ-та қазақ тілін үйрететін курстар ашылды
ашық дереккөз
АҚШ-та қазақ тілін үйрететін курстар ашылды

Американың Мэриленд штатында сенбі күндері қазақ тілін үйрететін курстар ашылды. Жоба Қазақстан-Америка қауымдастығы мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақ диаспорасының қолдауының арқасында іске асты. Тілді оқыту курстары бастапқы Америка мектептерінде ашылды. Онда оқуға қажетті барлық жағдай жасалған. Азаматтар жас айырмашылығына қарамастан білім алуда. Тіпті, Вашингтон мен Ричмонд қалаларынан арнайы келіп тілді меңгеріп жатыр. АҚШ қазақтары қауымдастығының президенті Дархан Нұрмағамбеттің айтуынша, мұндай оқыту курстары шетелде жүрген отандастарымызға салт-дәстүрін ұмытпай, ана тілінде сөйлеуіне септігін тигізеді. Едіге Маговин, қазақ тілі маманы: - Сенбі күнгі 2 сағаттың ішінде күнделікті тіршілікте пайдалануға болатын сөздерді үйренеміз. Қазақ тілінің өзінің ерекшеліктерін үйренеміз. Одан кейін студенттеріміздің арасында қазақ тілін жаңадан бастаған адамдар грамматикалық құрылым негізін үйренеді. Бірақ қазақ тілін Қазақстанда жақсы біліп келген, мұнда 20 жылдан астам уақыт өмір сүріп жатқан студенттеріміз де бар. Тілді ұмытыңқырап қалған. Оларға қазақ тілін еске түсіреміз. Кейбір студенттер қазақ тілін жай ғана оқып қана қоймай, көркем әдебиет оқи алатын деңгейге жетсек деген тілек айтады. Соны үйренуге тырысып жатырмыз. Айнұр Роджерс, қазақ тілін үйренуші: - Ана тілі мен дәстүрін сақтау үшін Қазақстан-Америка қауымдастығы мектеп ашты. Біз өте ризамыз. Біздің мұғаліміміз білімді. Сабақтарды қызықты етіп жүргізеді.

ақпарат көзі 24.kz

Ұқсас жаңалықтар