Денсаулық
“АҚШ аруы” атағын қара нәсілді әскери қызметкер жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2016
- 679
“АҚШ аруы” атағын қара нәсілді әскери қызметкер жеңіп алды
Колумбия округінің өкілі әрі армия офицері Дешона Барбер 65-ші рет өткізілген “АҚШ аруы” байқауының жеңімпазы атанды.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Сайыс барысында 26 жастағы Барбер 51 қатысушыны артқа қалдырған. Америкалық ару Форт-Мидте орналасқан ұлттық қауіпсіздік агенттігінің штаб-пәтерінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша аға қызметкер болып қызмет етеді. Ол сондай-ақ, елдің сауда министрлігінде IT-сарапшы қызметін де қатар алып жүр.
“АҚШ армиясында жынысына қарай бөліп-жармайды. Әйелдер өздерін еркектер секілді тең, қатаң ұстайды. Өз бөлімімнің командирі ретінде мен де өте талапшыл, жұмысыма берілген адаммын”, – дейді Барбер.
m.newsru.com
Қараша айында ол жыл сайынғы өткізілетін “Әлем аруы” байқауына қатысып, АҚШ атынан сынға түседі. Барбер Вирджиния университетін тәмамдаған. Ол сонымен қатар, бимен айналысып, бос уақытын отбасына арнағанды жөн көреді. Ал байқау барысында екінші орынды Джорджия штатының өкілі Эмани Дэвис иеленсе, үшінші орынды Гавай аралдарының тұрғыны Челсия Хардин алды. 2015 жылы “АҚШ аруы” атағын Оклахома тумасы Оливия Джордан иеленген еді. Бостон университетін бітірген Джорданның мамандығы дәрігер.Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




