Назарларыңызға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2016 жылғы Рамазан айындағы оразаның Тараз қаласы бойынша кестесін ұсынамыз.
ЕСКЕРТУ: Биыл, яғни 2016 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 29 күн. 1. Шілденің 01-нен 02-не қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиеттi Қадiр түнi. 2. Сәресi iшу таң намазының кіруіне 10 минут қалғанда тоқтатылады. 3. Ауызды ақшам намазының уақыты болысымен құрмамен немесе сумен және т.б. жеміспен де ашуға болады. 4. Тарауих намазы Құптан намазынан кейiн оқылады, ал Үтiр-Уәжiп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады. 5. Пiтiр-садақаны рамазан айының басынан айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 200 теңге. 6. 05 - шілде (сейсенбі) күнi Ораза айт мейрамы басталады. 7. Оразаға ниет: Алла тағала үшін мүбарак рамазан айының оразасын ұстауға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім. 8. Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием Сен үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Иә, кешірімді Алла! менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді